Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов ең жеңіл салмақта Fight Nights Global титулы үшін өткен жекпе-жектің нәтижесіне көңілі толмады. Ол төрешілердің шешіміме апелляция бермек ойда. Естеріңізге сала кетсек Жұмағұлов Fight Nights Global титулы үшін өткен жекпе-жекте ресейлік Вартан Асатряннан төрешілер шешімімен жеңілген болатын. Сол кеште қазақстандық Георгий Кичигин жартылай орта салмақта Fight Nights Global чемпионы атанған болатын.