Хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Финляндия АҚШ құрамасын жеңіп жартылай финалға шықты. Кездесудегі есеп 2:0.

Жеңімпаз команда қатарынан Микко Рантанен мен Йоонас Кемппайненнің қанжығасы майланды.

Әлем чемпионаты

1/4 финал

АҚШ – Финляндия – 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)

Голдар: Рантанен - 1 (Савинайнен, Ахо), 21:01 - 0:1. Кемппайнен - 1 (Ю. Аалтонен), 46:49 - 0:2.

Қақпашылар: Ховард (57:10 - 58:08, 58:23) - Сятери.

Айып уақыты: 12 - 4.

Соққылар: 26 (8+6+12) - 20 (6+9+5).