Америкалық кіші Флойд Мейуэзер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы пікірін айтты.

«GGG – Канело ма? Меніңше, «Канело» ұтады. Ол жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтайды деп ойлаймын. Соңғы жекпе-жекте Чавес қарсылық көрсете алмады», - деді Мейуэзер ProBoxingInsider.com порталына берген сұхбатында.

Головкин – Альварес кездесуі 16 қыркүйекте өтеді.