Танымал британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді.

- Канело Головкиннен мықты емес. Орта салмақ дәрежесінде Геннадийді жеңе алатын боксшыны көріп тұрған жоқпын. Альварес – керемет боксшы. Оның Лиам Смитке қарсы кездесуін көрдім. Саульдің жылдамдығы жоғары, бірақ «Трипл Джи» нағыз құбыжық. Қазақстандық боксшының соққылары өте жойқын, - деді Хирн FightHub TV.

Естеріңізге сала кетсек, Канело - Головкин жекпе-жегі қыркүйектің 16-на жоспарланған.