«Барыс» ХК кеңесі клуб басшылығымен бірге барлық кандидаттарды қарап, бапкерлік штабтың құрамын анықтады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

«Барыс» командасының бас бапкері қызметіне Евгений Корешков тағайындалды. Оның көмекшілеріҒалым Мамбеталиев, Андрей Шаянов, Александр Ахцигер, Алексей Кузнецов пен Сергей Тамбулов.

Ал «Снежные Барсы» командасын Сергей Старыгин жаттықтырады.

«Барыс» Қазақстан құрамасының базалық клубы болғандықтан, басшылық пен бапкерлік штабтың мақсаты – ұлттық құрамаға бәсекеге қабілетті хоккейшілерді дайындау.

Сондай-ақ, бапкерлік штаб та, басшылық та негізгі командаға жас ойыншылар алуды мақсат қылып отыр.