Қазіргі «Атлетик» бапкері Эрнесто Вальверде жаңа маусымда «Барселона» тізгінін ұстайды, деп хабарлайды RAC1.

Бапкер каталондық клубпен екі жылға келісім шартқа отыратын көрінеді.

Естеріңізге салсақ, Эрнесто Вальверде «Атлетик» клубында 2013-ші жылдан бері жұмыс жасап келеді.

«Барселона» бапкері Луис Энрике командадан кететінін наурыздың басында хабарлаған болатын.