«Мастерс 1000» сериясына жататын Мадридтегі теннис турнирінің жартылай финалында Рафаэль Надаль мен Новак Джокович кездесті.

1 сағат 38 минутқа созылған кездесу 6:2, 6:4 есебімен испандықтың пайдасына шешілді.

Бұл Надаль мен Джокович арасындағы ATP жарыстарындағы елуінші кездесуболатын. Елу кездесудегі есеп 26:24 сербиялықтың пайдасында.

Финалда Рафа Доминик Тим мен Пабло Куэвас кездесуінің жеңімпазымен жолығады.