«Томьнің» бас бапкері Валерий Петраков қазақстандық клубтың тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы «Спорт Экспресс» хабарлады.

59 жастағы ресейлік бапкер «Ақтөбе» футбол клубының шорт-листіне енген.

Айта кетейік, Петраков «Томьді» 2016 жылдың сәуірінде қабылдап, команданы Премьер-лигаға алып шыұты. Биылғы маусымда қаржылық қиындыққа тап болған сібірлік клуб соңғы орын алды.

Естеріңізде болса, өткен аптада «Ақтөбенің» бас бапкері украиналық Игорь Рахаев қызметінен кеткен болатын. Артынша клубтың бас директоры соңғы жағдайларға қатысты сұхбат берді.