Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жегіне дайындық жүргізу үшін Нью-Йорк қаласына аттанды.

Отандасымыздың келесі кездесуі мамыр айының соңында АҚШ-та өтеді. Аэропортқа спортшының жақындары мен достары шығарып салды. Кәсіби рингте Айдос осыған дейін бес жекпе-жек өткізіп, бесеуін де мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетейік, боксшымыз орта салмақта (72,6 кг салмақ дәрежесінде) жұдырықтасып жүр.