Англияның Саутгемптон қаласында қазақстандық боксшылар Ернар Ешенов және Александр Журавскийдің қатысуымен салмақ өлшеу рәсімі өтті. Естеріңізге сала кетсек, 22 жастағы Ешенов бірінші орта салмақ дәрежесінде шотландиялық былғары қолғап шебері Майкл МакГуркпен жұдырықтасады. Ал, 32 жастағы Журавский жартылай орта салмақ дәрежесінде ұлыбританиялық Стиван Даньомен күш сынасады. Қос боксшымыз да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Айта кетер жайт, Ешенов пен Журавскийдің жекпе-жегін KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Аталмыш бокс кеші мамырдың 12-і, Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.