Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы келесі кездесуіне дайындалу үшін Нью-Йоркке жол тартты.

Жерлесіміз мамырдың соңында АҚШ-те жекпе-жек өткізбекші.

Естеріңізге сала кетсек, Ербосынұлы кәсіпқой бокста 5 кездесу өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жеткен болатын.