Қазақстандық «Astana Arlans» командасы дүниежүзілік бокс сериясының ширек финалындағы ресейлік «Patriot Boxing Team» командасымен болған алғашқы кездесуде жеңіске жетті.

Кездесудегі есеп 3:2. Кездесу Ресейде өткен болатын. Қазақстандық команда қатарынан Ілияс Сүлейменов, Ділмұрат Мәжитов және Сапарбай Айдаров өз кездесулерінде жеңіске жетті.

Ал Теміртас Жүсіпов пен Антон Пинчук жеңілістің кермек дәмін татты.

Қарымта кездесу 20-шы мамыр күні Қазақстанда, дәлірек айтқанда Қарағандыда өтеді.