Кәсіпқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген 26 жастағы Жанқош Тұраров (20-0-14 КО) өзінің кезекті кездесуін, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның (23-0, 19 КО) қатысуымен болатын бокс кешінде өткізеді.

Бұл жайлы Жанқоштың пиар менеджері Серік Ноян өзінің фейсбук парақшасында жариялады. Жекпе-жек кеші 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында өтеді.Оның айтуынша, қазір бұл кездесуге отандасымыз дайындықтарын өткізіп жатыр. Әзірге Тұраровтың қарсыласы кім болатынын белгісіз.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Өзнің соңғы кездесуін ол 29 қазан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде ганалық Исаак Аримен кездесіп, жеңіске жеткен еді.