Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя алдағы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек жайлы пікірін айтты.

«Канелодан» нокаут күтемін. Себебі мен, бірінші кезекте, бокс фанатымын. Промоутерлік тұрғыда, бизнес жағынан да бұл жақсы болар еді – бұдан бәрі де жеңіске жетеді. Бірақ қарапайым жанкүйер ретінде ұлы жекпе-жек, нағыз классиканы көремін деп үміттенемін. Сондықтан, нокаут күтемін. Адамдар да мұны қалайды», - деді Де ла Хойя.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді.