Алматыда ITF Juniors G4 Almaty Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық Сұлтан Нарбеков пен Бейбіт Жукаев жұптасып өнер көрсетуде жеңімпаз атанды. Финалдық матчта Нарбеков пен Жукаев қытайлық Пенг Лу мен польшалық Мичал Бознякты 7:6, 7:5 есебімен ұтты.Сонымен қатар, Нарбеков жекелей сында финалға жолдама алған. Шешуші кезеңде Сұлтан украиналық Алексей Шестаковқа есе жіберді – 7:6, 4:6, 2:6. Ал қыздар арасында жекелей сында белорусиялық Виктоия Канапацкая ресейлік Анастасия Сосоевадан 6:3, 7:5 есебімен басым түсті. Жұптық сында Белорусиядан келген Ксения Брич пен Виктория Канапацкая жеңіске жетті.