WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Еspn.com спорт сайтының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік боксшы атағын сақтап тұр.

Кіші Хулио Сезар Чавесті жеңген Сауль Альварес рейтингінің 7-ші сатысында тұр. Жалпы, алғашқы ондықта өзгеріс болған жоқ.

Назарларыңызға аталмыш рейтингіні ұсынамыз:

1. Геннадий Головкин (37-0, 33 КО)

2. Андре Уорд (31-0, 15 КО)

3. Василий Ломаченко (7-1, 5 КО)

4. Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО)

5. Роман Гонсалес (46-1, 38 КО)

6. Теренс Кроуфорд (29-0, 20 КО)

7. Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО)

8. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО)

9. Кит Турман (28-0, 22 КО)

10. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО).