Бүгін футболдан Еуропа лигасының жартылай финалдық матчтары өтеді. «Kazsport» телеарнасы бүгін бір ойынды тікелей эфирде көрсетпек. Ағылшынның «Манчестер Юнайтеді» өз алаңында испаниялық «Сельтаны» қабылдайды. Трансляцияның басталуы уақыты – 00:55-те. Естеріңізде болса, өткен аптада МЮ сырт алаңда «Сельтаны» 1:0 есебімен ұтқан болатын.