Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя pound-for-pound рейтингіндегі өзінің боксшысының орны туралы пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Менің ойымша, «Канело» қазір әлемдегі үздік боксшылардың үштігінде тұр. Головкинді жеңгеннен кейін нөмірі бірінші болатынына сенімдімін. Оған қоса, жасы небәрі 26-да - ол мансабын енді бастады. Оның үйренері көп. Кез келген бокс үшін ең жақсы кез - 29-29 жас. Сондықтан, біз әзірге үздік «Канелоны» көрген жоқпыз», - деді Де ла Хойя.

Головкин туралы соңғы жаңалықтарды мына сілтемеден оқи аласыздар.