Алматыда шағын футболдан БАҚ қызметкерлері арасындағы жазғы чемпионат басталды.

playfootball.kz алаңында турнирдің екі туры өтті. Алматы футбол федерациясының бастамасымен тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан жарыс жыл сайынғы дәстүрге айналмақ.
Биылғы бәсекеде 8 команда сынға түсті. Еліміздегі ең беделді телеарналар мен интернет басылымдарда істейтін қаламгерлер доп додасында кім мықтыны анықтайды. Чемпионат маусымның 10-на дейін жалғасады.
Екінші турдың нәтижесі мынадай:
prosports.kz - КТК - 6:2
365info - EML - 4:4
AlmatyTV-1 - AlmatyTV-2 - 4:3