Америкалық бобслейші Стивен Холкомб Лейк-Плэсида жаттығу орталығындағы бөлмесінде өлі күйінде табылды.

Бұл туралы CNN хабарлады. АҚШ-тың бобслей және скелетон федерациясының ақпаратына сүйенсек, Стивен 6 мамырда ұйықтап жатқанда қайтыс болған. 37 жастағы спортшының неден көз жұмғаны белгісіз.

2007 жылы Холкомб өзін-өзі өлтіргісі келген болатын. Себебі соқыр болып қалу қаупі бар еді, дегенмен ол емделіп, спортын жалғастыра берді.

Стивен Холкомб үш Олимпиадаға қатысқан (2006, 2010 және 2014 жылдары). Ванкуверде Олимпиада чемпионы атанса, Сочиде қол жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар, бес рет әлем чемпионатында топ жарды.