Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов 69 келіде финалға шықты. Отандасымыз 1/2 финалда моңғолиялық Тувшинбат Буамбамен кездесіп, басым түсті. Еске сала кетейін, осыған дейін Ерік Әлжанов пен Василий Левит те финалға жолдама алған болатын.

Абылайхан Жүсіпов финалда өзбекстандық Шахрам Гиясовпен жұдырықтасады.