Қазақстандық боксшылар Ерік Әлжанов пен Василий Левиттің қарсыластары анықталды.Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында Әлжанов өзбекстандық Бектемір Меликузиевпен кездессе, Левит үндістандық Сумит Сангванмен жұдырықтасады. Финалдық бәсеке сенбі күні 6-шы мамыр күні өтеді.

Еске салайық, осыған дейін Ерік Әлжанов пен Василий Левит қарсыластарынан бірінші раундта басым түсіп, финалға шыққан болатын.