Қазақстандық Василий Левит Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 91 келі салмақ дәрежесінде финалға шықты. Отандасымыз сириялық Алаа Элдин Гуссунді бірінші раундта қапы қалдырды.

Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Азамат Исақұлов, Қайрат Ералиев және Әбілхан Аманқұл қола медаль алса, Ерік Әлжанов финалға шыққан болатын.