Әлемнің ең үздік футзалшысы Рикардинью Алматыда өткен УЕФА кубогының Төрттік финалын қорытындылады.

- Финалда «Спортингтің» қақпасына жеті жауапсыз гол соқтық. Бірақ бізге оңай болған жоқ. Бұл матчты «Қайратқа» қарсы өткен кездесумен салыстыруға келмейді. «Спортинг» бірінші таймда жақсы ойнады, гол соғатын мүмкіндіктері болды. УЕФА кубогын ұта алғанымызға қуаныштымын. Біз үшін бұл өте маңызды жеңіс. Себебі былтыр біз ақтық ойында сүрінген болатынбыз.

- «Интердің» УЕФА кубогындағы жеңісінің басты факторы қандай?

- Біз бір ұжым болып ойнадық. Команда ішінде бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Бұған қоса УЕФА кубогын қатты жеңгіміз келген. Бізге қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған «Қайрат» футзал клубына көп рахмет. «Қайрат» - өте мықты команда. Қуаншымызға орай, бұл жолы кубок бізге бұйырды.

- Төрттік финалдың үздік ойыншысы атандыңыз...

- Қазір біз – Еуропаның үздік клубымыз. Төрттік финал барысында мен мансабымда төртінші рет әлемнің үздік ойыншысы атандым. Әрине, сәуір айы мен үшін өте сәтті өтті. Үздік ойыншы атанғаныма өте қуаныштымын. «Интер» командасына алғысым шексіз. Біз бір үлкен отбасымыз. Бұл менің ғана емес, команданың еңбегі.