Қазақстандық боксшы Азия біріншілігінің 1/2 финалына жолдама алды.

64 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Бекдәулет Ибрагимович ширек финалда Шри-Ланка елінің өкілі Душан Сапарамадумен күш сынасып, ұпай шешімімен жеңіске жетті.