«Лациомен» ойында өтірік құлаған «Романың» жартылай қорғаушысы Кевин Строотман римдік клубтың алдағы екі кездесуіне қатыспайды.

Мұндай шешімді Италия футбол Федерациясы қабылдады.

Естеріңізге сала кетсек, Кевин Строотман «Лациомен» өткен матчта симуляция жасаған болатын, бас төреші бұны байқамай, қарсылас команданың қақпасына он бір метрлік соққы белгіледі.