Кешегі Новиков пен Набойченколардың ізбасарлары бүгінде Лория мен Мокиндар, ал олардың ертеңі кім? Отандық аяқдопта жас қақпашыларымыздың халі қалай? ТОП-5 Қазақстандық U-23 қақпашылар.

1. Абылайхан Дуйсен 03.06.1994 22 жас. Қазақстанның екінші және бірінші лигасында соңғы шепте сенімді қимылдаған Абылайхан былтырғы маусымда Астана сапында Европа Лигасының ойындарының қосалқы құрамынан табылып жүрді. Эрич пен Мокиннан тәжірибе жинақтаған Абылай, биыл Латвия чемпионатын бағындыруға аттанды. Юрмалалық Спартакс сапында қазақ қақпашысы бар мүмкіндігін көрсетеді деп үміттенеміз.

2. Игорь Трофимец 20.08.1996 20 жас. Былтырғы жылы Ақтөбе сапында Астанаға қарсы ойында алаңға алғаш рет шыққан 20 жасар қақпашы сол ойында өзін жақсы жағынан көрсете білді. 1 гол жіберді демесеңіз, чемпиондарға қарсы ойында жас қақпашының таза голдан құтқарған сәттері де жеткілікті болды. Ордабасыға қарсы ойында сенімді қимылдарымен танылғанымен 2 доп жіберіп алды. Осы маусымда тәжірибелі Сидельников пен Отарбаевтардан кейін үшінші қақпашы рөлінде. Рахаев мырза бұл жігітке алдағы уақытта сенім артады деп ойлаймыз.

3. Султан Бусурманов 10.05.1996 20жас. Қостанайлық Тобыл құрамында 2015 жылы алғаш рет негізгі құрам үшін қақпа қорғады. Сол маусымда премьер-лигада 5 ойын өткізсе, келесі жылы бір мәрте алаңға шықты. Осы жылы Никитенко бапкерден жастар құрамасына шақырту алып, Люксембургке қарсы ойын да өткізіп үлгерді. Непогодов пен Павлов секілді тәжірибелі командаластарымен бәсекелестікте Бусурмановтың алар асу әлі алда.

4. Михаил Голубничий 31.01.1995 22 жас. Павлодар футболының түлегі Қазақстанның барлық жастар құрамасында ойнап үлгерді. Ересектер футболында 2015 жылы Астана сапында алаңға шықты. Былтырғы маусым бірінші лигада Қызылжар құрамында өтсе, осы жылы Мухановтың екінші қақпашысы, әрине Саша Стаменковичтан кейін. Кубоктік ойында қақпада болған Миша Оқжетпесте бар өнерін әлі көрсетері анық .

5. Марсель Исламкулов 18.04.1994 23 жас. Абдыш-атаның тәлімгері Исламкулов осы маусымда ерекше көзге түсуде. Алдымен Астана-64, Байқоңыр, кейін бірінші лигада Қайсар. Енді міне премьер-лигада да Қасқырлардың негізгі қақпашысы. Бородюктің де тізіміне кіріп үлгеріпті деген сыбыстар бар. Тәжірибелі Цириннен бірінше нөмірді тартып алған Марсель небәрі 23-те, яғни бағындырар белестері әлі жетерлік .

Бұл менің Топ-5 рейтингім. Ал сіздің бестігіңіз қандай?