«Интердің» ойыншысы Умберто Prosports.kz тілшісіне «Қайратпен» өткен кездесу (3:2) туралы айтып берді.

- Керемет матч болды. Екі командада жақсы ойын көрсетті деп ойлаймын. Өзбасым, жартылай финалда «Қайратқа» қарсы ойнағым келген жоқ. Жеңіске жеткеніміз күшті, бірақ өзім аса қуанышты емеспін. Себебі, «Қайрат» та мен үшін туған команда.

- «Спортинг» жайлы не айта аласыз?

- Бұл өте мықты ұжым. Бүгін азулы «Юграны» жарыс жолынан шығарды. Сондай-ақ, онда жақын досым Лео өнер көрсетеді. Финал өте тартысты болмақ.

- «Алматы Аренаның» атмосферасы ұнады ма?

- Атмосфера тамаша. «Алматы Арена» - өте әдемі спорт кешен.

Естеріңізге сала кетсек, Умберто «Интерге» «Қайраттан» ауысқан болатын.