Жартылай орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мэйвезермен қайта жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, келесі кездесуін Мэнни шілденің 2-і, Аустралияда жергілікті боксшы Джефф Хорнға қарсы өткізеді.

«Мэйвезермен қарымта-матч өткізгім келеді. Жарақатымнан толық емделдім. Әзірге мен бокстан ешқайда кеткен жоқпын, яғни бұл жекпе-жекті ұйымдастыра аламыз. Бірінші кездесуде мен жеңілген жоқпын», - деді Пакьяо AFL Footy Show сайтына.