«Қайраттың» капитаны Дінмұхамед Сүлейменов «Интерге» қарсы ойын алдында пікір білдірді.

- Бұл ойынды көптен күттік. Әрине, қарсыласымызды құрметтейміз. Қатысушылардың барлығы өте мықты деуге болады. Ертең жақсы ойын көрсетіп, жанкүйерлеріміздің көңілінен шығамыз деп ойлаймын. Төрттік финалда барымызды саламыз. Қарсыласымыз өте мықты команда, - деді Сүлейменов.