Испания примера дивизионының 33-ші турында «Валенсия» мен «Малага» командалары арасындағы ойында Эсекьель Гарай жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«Малага» командасының ойыншысы Сандро Рамирестің тепкен добы Гарайдың басына тиіп, аргентиналық қорғаушы есінен танып қалған. Отыз жастағы футболшы өз еркімен алаңнан кете алмады. Кейіннен белгілі болғандай ол ауруханаға жеткізілді. Ал бүгін қорғаушы ауруханадан шықты. Оның денсаулығы қалыпты.

Айта кетейік, аталмыш ойында «Валенсия» сырт алаңда «Малагадан» басым түсті.