«Ювентус» клубының басшылығы келесі аптада Массимилиано Аллегриге жаңа келісімшарт ұсынады, деп хабарлайды Football Italia.

Италиялық маманның туриндік клубпен келісімі келесі маусымда аяқталады. Ал клуб басшылығы жаңа келісімшарт мерзімін 2020-шы жылға дейін ұзартып, жалақысын көтермек.