ПСЖ-ның жартылай қорғаушысы Хавьер Пасторенің агенті Марсело Симонян осы жазда футболшының командадан кетуі екіталай екенін айтты.

«Хавьер Италияны жақсы көреді. А сериясына оралса, бұрынғы ойынын тағы көрсетер еді. Бірақ ол қазір командадан кетеді деп ойламаймын» - деп оның сөзін FCInterNews жеткізді.