Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Джордж Сент-Пьер Конор Макгрегор Флойд Мейуэзермен жұдырықтасып, жеңіліп қалса, қандай тәсілге баратынын айтты.

«Макгрегор жеңіледі. Бірақ тірі қалса, соның өзі оған жеңіс болады. Себебі ол «Мен сенің алаңыңда кездестім, енді неге менікінде күш сынаспасқа?» деп айтады. Бұл жекпе-жектің қалай аяқталуына ғана емес, басқа да оқиғаларға байланысты», - деді Сент-Пьер.