22-ші сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Кубогі үшін архившілер арасында волейболдан турнир өтті.

Турнирге ҚР Президенті Архивінің «Жігер», Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінің «Pride», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Ведомстволық архивінің «ЕНПФ» және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих, археология және этнология факультетінің студенттерінен құралған «Брайтон» командалары қатысты.

Жарыс төрешілер алқасының шешімімен топтық кезеңнің айналмалы жүйесі бойынша өткізілетін болып шешілді және негізгі 3 турды құрады. Ойын жеңімпаздары 2 партиядағы жеңіске дейінгі нәтиже негізінде анықталды. Тартысты өткен ойындарда «Жігер» командасы қарсыластарына қарсы өткізген 3 ойында жеңіске жетіп 1-ші орынды иеленді. «Жігер» командасына ғана жеңіліп, басқа екі ойынында жеңіске жеткен «Pride» командасы 2-ші орынға тұрақтады. Турнирде «ЕНПФ» командасын ұтып, 2 ойында жеңіліске ұшыраған «Брайтон» командасы 3-ші орынды місе тұтты. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командаларға ҚР Президенті Архивінің Кубогі және дипломдары берілді. Жарыстың нәтижелері бойынша 4-ші орынға тұрақтаған «ЕНПФ» командасы «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» дипломымен марапатталды. Турнирдің «Ең үздік ойыншысы» атағын «Брайтон» командасының капитаны Жақсылық Ерлан жеңіп алды.

Турнирдің статистикасы: 1 тур: «Жігер» – «Pride» 2:0 (25-15, 25-10), «Брайтон» – «ЕНПФ» 2:1 (25-14, 19-25, 15-13). 2 тур: «Жігер» – «Брайтон» 2:0 (25-20, 25-18), «Pride» – «ЕНПФ» 2:0 (25-18, 25-9). 3 тур: «Pride» – «Брайтон» 2:0 (25-19, 25-20), «Жігер» – «ЕНПФ» 2:0 (25-18, 25-15).