Супер орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы мексикалық боксшы Хильберто Рамирес қазақстандық Геннадий Головкин жұдырықтасқысы келетінін айтты.

- Геннадиймен таныспын. Біз бірге жаттықанбыз. Ол өте қарапайым жігіт. Головкин – әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі. Әрине, мен онымен кездескім келеді. Сондай-ақ, «Канело» - Чавес жекпе-жегінің жеңімпазымен төбелесуге дайынмын, - деді Рамирес BoxingScene.com сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Рамирестің промоутері Боб Арум шәкіртінің «Трипл Джиге» қарсы кездесуін ұйымдастырғысы келетінін мәлім еткен болатын.