Ашхабад қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды.

53 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Әсел Амангелді В тобында үздік нәтиже көрсетті. Әсел жұлқа көтеруде 70 келі, ал серпе көтеруде 93 келіні еңсерді. Қос сайыс қорытындысы бойынша 163 келімен өз тобында көш бастады.