Теннисші қыздарымыз Федерация кубогында Канада құрамасынан жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисшілер мерзімінен бұрын 3:1 есебімен ұтылды.

Бүгін Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова өз кездесулерін сәтсіз аяқтады. Юлия Абандадан (6:3, 6:4) жеңілсе, Ярослава Андреескадан (6:7 (7:1), 6:4) айласын асыра алмады.

Осылайша, Канада құрамасы өз жерінде Қазақстаннан айласын асырды.