Бауыржан Жолшиев Алматы қалалық чемпионатының А лигасында өнер көрсетіп жүр.

«Астананың» бұрынғы ойыншысы аталмыш лигада «Алма-Ата» клубының намысын қорғайды. Бұл командада жанкүйерлерге жақсы таныс Сергей Гридин де бар.

Бүгін жұлдыздарды жинап алған «Алма-Ата» «БН Қаскелең» командасынан 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Қаскелеңдік команда сапында Сергей Остапенко доп теуіп жүр.

Айта кетейік, Жолшиев пен Гридиннің командасы бұған дейін алғашқы екі матчты жеңген болатын.