Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын жеңіспен бастады. Австрия құрамасымен сынға түскен жерлестеріміз 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Австрия — Қазақстан 2:3 (0:2, 2:0, 0:1)

Шайбалар:0:1 — 08:26 Доус (Даллмэн, Сен-Пьер). Артық құрамда0:2 — 14:56 Доус (Бойд). Тең құрамда1:2 — 24:32 Комарек (Раффль, Шлахер). Тең құрамда2:2 — 37:31 Раффль (Хофер, Комарек) Тең құрамда2:3 — 43:38 Маркелов (Савченко, Старченко). Артық құрамда

Қақпашылар: Штаркбаум — Колесник

Айып уақыты: 16:8 (10:2, 2:2, 4:4).

Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы Оңтүстік Корея болмақ.