Каталониялық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андреас Иньеста клубтан келісімшарт мерзімін ұзарту жайлы ұсыныс алды. Бұл туралы «Marca» басылымы хабарлайды.

Иньестаның негізгі келісімшарты 2018 жылдың жаз айына дейін болған. Клуб оған тағы да екі жылдық келісім ұсынуға дайын екенін айтты.Футболшының өзі бұл туралы ойлануға уақыт алды. 32 жастағы Андреасты «Барселонада» қалған жағдайда, қосалқы құрамда қалып қою мәселесі алаңдатады. Биылғы чемпионатта Иньеста 19 ойында үш голдық пас берген.

Айта кетейік, ойыншы команда сапында 2001 жылдан бері ойнап келеді.