Ронда Роузи MMA спортшысы Трэвис Браунға тұрмысқа шығады.

24.kz порталының мәлімдеуінше, екеуінің некелескені туралы Трэвистің өзі айтқан.

Жаңа Зеландиядағы демалыс уақытында спортшы Рондаға шаңырақ құру туралы ұсыныс жасаған. Дегенмен тойдың қай күнге белгіленгені туралы сұраққа жауап берген жоқ.

«Мен Ронда үшін шынымен де қуаныштымын және тойларына міндетті түрде барамын», - дейді UFC президенті Дана Уайт.

Роузидің еншісінде 14 жекпе-жек бар. Соның 12-де жеңіске жеткен. Ал соңғы екеуінде Ронда Миша Тейт пен Аманда Нунеске есе жіберді.

Трэвис Браун – ауыр салмақта айқасатын жекпе-жек шебері. Ол спорттық карьерасында әзірге 25 кездесу өткізіп, соның 18-інде қарсыласынан басым түскен.