Түркменстанның Ашхабад қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді.

Құрлықтық дода 23-29 сәуір арасында болмақ.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз-қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл жарысқа еліміздің атынан тоғыз зілтемірші барады.

Қазақстан құрамасы:

Ерлер: — Альберт Линдер (69 кг дейін) — Айдар Казов (77 кг дейін) — Семен Линдер (85 кг дейін) — Ибрагим Берсанов (105 кг дейін)Әйелдер: — Әсел Амангелді (53 кг дейін) — Сәуле Сәдуақасова (58 кг дейін) — Әсем Садықова (63 кг дейін) — Майра Файзуллаева (69 кг дейін) — Александра Аборнева (90+ кг).