Жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор Макгрегор филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяомен кездесіп, жартылай орта салмақта WBO титулын сарапқа сала алатынын айтты.

«Қазір бар ойым бокста болып жүр. Мейуэзер осы уақытқа дейін бізді ақымақ қылып жүрген болса, UFC-дегі мансабымды жалғастыра беремін немесе Мэнни Пакьяо секілді басқа да топ-боксшымен титул үшін таласамын», - деді Макгрегор.