Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жұптары белгілі болды.

Бүгін УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының финалына берілер жолдаманы сарапқа салатын екі жұп анықталды. Ширек финалдық ойындардан соң 1/2 финалға мадридтік қос клуб «Реал» мен «Атлетико», сондай-ақ, француздың «Монакосы» мен италиялық «Ювентус» өткен болатын.

Жеребе нәтижесі бойынша, «Реал Мадрид» «Атлетикомен» күш сынасады. Ал «Монако» болса, «Ювентус» кездеседі. Алғашқы ойындар бірінші жазылған клубтартың алаңында өтеді. «Монако» - «Ювентуспен» матчының жеңімпазы финалда номиналды алаң иелері болады.

Айта кетейік, жартылай финалдың алғашқы матчтары 2 және 3 мамырда өтеді. Ал қарымта кездесулер 9-10 мамырда ойналады.

Чемпиондар лигасының финалы 3 маусымда Кардиффте өтетінін естеріңізге саламыз.