Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Өзбекстанның Бухара қаласында өтіп жатқан ITF Futures турнирінің ақтық кездесуіне жолдама алды.

Жарыстың 1/2 финалында Попко ресейлік Маркос Каловелонисті ұтты - 6:3, 6:4.

Финалда Дмитрий Вадим Урсу (Ресей) – Егор Герасимов (Беларусь) жұбының жеңімпазымен кездеседі.