«Ювентус» командасының аңызы Алессандро Дель Пьеро өзінің бұрынғы командасы «Барселонаны» жарыс жолынан шығарып, жартылай финалға шыққан соң ойыннан алған әсерімен бөлісті.

«Олар бапкер талап еткен шаруаны тыңғылықты жасап шықты. Каталондық клубқа ештеңе жасатпады. Туриндік клуб соңғы үш жылда екі рет жартылай финалға шығып отыр. Бұл жақсы дәстүр. Екі жыл бұрын «Ювентусті» «Барселонамен» салыстыруға келмейтін. Ал бүгін біз екі команда арасында айтарлықтай айырмашылықтың жоқтығына көз жеткіздік. Олар бір команда болып қорғанды. Өздерінің ойынымен Чемпиондарлигасының жеңімпазы болу үшін жаралғандығын көрсетті», деді Алессандро Дель Пьеро.