19-шы сәуір күні ӘФК «БИИК-Қазығұрт» түркиялық «Антальяспор» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 4:2 есебімен қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды. Ойында қазақстандық команда қатарынан Николаенко мен нигериялық шабуылшы Ихезуо екі голдын соқты.

Естеріңізге салсақ, «БИИК-Қазығұрт» командасының Түркия жерінде 12-ші сәуірде басталған оқу жаттығу жиыны 25-ші сәуірге дейін жалғасады.