«Рома» клубының жартылай қорғаушысы Кевин Строотман командамен келісімін ұзартуға жақын.

Голландиялық ойыншының келісім шарты 2018-шы жылдың жазында аяқталады. Қазірдің өзінде «Интер» клубының өкілдері ойыншының агентімен хабарласып үлгерген. La Gazzetta dello Sport хабарлауынша римдік клуб пен ойыншы маусым аяқталған соң жаңа келісімге келу үшін стол басына отырады.