«Реалдың» қорғаушысы алматылық команданың жанкүйері екен.

Әлем футболының жарық жұлдызы, мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының ойыншысы сәуірдің 28 мен 30 күні Алматыда өтетін УЕФА Кубогының төрттік финалында «Қайратты» қолдайтынын білдіріп, видео үндеу жолдады.

УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Баварияға» қарсы матчта үздік атанған футболшы «Реалдың» киім ауыстыру бөлмесінде видео жазған.

«Сәлем! Менің атым Марсело. Сендерге айтайын дегенім, футзалдан УЕФА Кубогында мен «Қайратқа» жанкүйермін. Ал сен ше? Алға, «Қайрат», - деді Марсело.

Естеріңізге салайық, футзалдан УЕФА Кубогының төрттік финалы «Алматы Аренада» 28 және 30 сәуірде өтеді. Алматылықтар жартылай финалда «Интермен» кездеседі. Мадридтік команданың сапында Әлемді шеберлігімен мойындатқан Рикардинью ойнайды. Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита мен капитанымыз Дінмұхамбет Сүйлейменов португалиялық хас шеберге қарсы төтеп бермек.

Билеттер «Меломан», «Алматы Арена», «Халық Арена», Республика сарайы, Балуан Шолақ ат. спорт кешенінің кассаларында, сонымен қатар ticketon.kz, kassir.kz, zakazbiletov.kz сайттарында онлайн сатылуда.